×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсарылықтардың шағымы: ауыз судың лайланып кеткен себебі айтылды

26.05.2024, 10:29
Құлсарылықтардың шағымы: ауыз судың лайланып кеткен себебі айтылды
Ақжайық

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласын сумен қамту мәселесі туралы шұғыл жиын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жедел штабтың мәліметі

Жиында судың құрамы «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының жаңа лупингін пайдалануға беру кезінде ластанғаны белгілі болды. Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, Құлсары қаласына қажетті су көлемі берілмеген.

– Лайлану көрсеткіші стандартқа сай емес. Облыс әкімі тез арада кеткен кемшілікті реттеуді тапсырды. Сондай-ақ лай суды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құбырлар толық тазарғанша магистральдық желіден су жіберуді тапсырды. Судың құрамы толық тазарғанға дейін жұмыстар жалғасады. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында, – делінген хабарламада.

Тұрғындардың шағымы

Еске сала кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы тұрғындары ауыз судың тапшылығына қатысты дабыл қаққан еді. «Ақжайық» басылымы жазғандай, қала Қиғаш өзенінен келетін суға тәуелді.

Су сағаттап берілуде. Белгіленген уақыттарда жеткілікті суды жинап алу мүмкін емес. Оның үстіне судың түсі өзгеріп кеткен, сап-сары әрі бөтен иісі бар. Бұл ішуге де, кір жууға да келмейді. Көпқабатты үйде тұратындар әжетханаға су таба алмай отыр, бұл не масқара? Дүкендердегі суға таласып отырмыз, ол да жетпей жатыр, - дейді су мәселесінен қиналған Құлсары тұрғындары.

Қала Қиғаш өзенінен келетін суға тәуелді. Өзеннен келетін техникалық су «Магистральдық суағызғы» ЖШС арқылы тазаланып, «Жылыойсу» МКК-нің су айдау станциялары арқылы таратылады.