×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Түркістанда Ariel мен Тide ұнтағын қолдан жасаған кәсіпкер жазаланды

09.11.2021, 10:22
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі н/ж мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен “Ariel”, “Тide”, “Миф”, “Persil” маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталып отыр.

“Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды”, – деп баяндайды құзырлы мекеме өкілдері.

Мамандар құқық иесі “The Procter&Gamble Company” компаниясына зор залал келтірілгенін айтады. Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары