×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Ұйымдасқан қылмыс. Ақтауда қылмыстық триоға үкім шықты

29.07.2024, 23:42
ашық дереккөз

Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге, білім бөлімінің бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектеп директорына қатысты қылмыстық іс жайлы сот шешімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ТРИО

Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін үш мектеппен келісімшартқа отырған. Көрсетілген қызметтерге келісімшарттарға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы көмектескені үшін ол бірнеше рет лауазымды тұлғаларға, соның ішінде сол кездегі білім бөлімінің басшысына ақшалай пара берді, олар параны алып отырған – делінген хабарламада.

Сотталушылардың кінәлі екеніне айғақтар, сараптама қорытындылары, тексеру актісі және басқа да материалдар дәлел болып отыр.

ҮКІМ

Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға шын жүректен өкінуі, жеке кәсіпкердің кішкентай балаларының болуы, мектеп директорларының бірінің кішкентай балаларының болуы ескерілді. Қылмысты ауырлататын факторлар анықталмады – деді Ақтау соты.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша параның 50-ден 60-қа дейінгі мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.