×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Павлодар облысында вакцина паспортын сатып алғандар анықталды

18.11.2021, 20:32
Фото: ашық дереккөз

Жалған екпе төлқұжаты бар бұл азаматтар өз емханасына өтініш жазып, COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны іс жүзінде салдырта алады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірдің жеті тұрғыны өздері емханаларға барып, жалған екпе паспорты бар екенін хабарлағанын айтты. 

«Мұндай өтініштер Шарбақты аудандық ауруханасына, облыс орталығындағы теміржол ауруханасына, Павлодар қаласының №4 емханасына, «Данель» және Ақсу қалалық ауруханасына келіп түсті», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Өтініш жазғандар арасында өз денсаулығына алаңдап, екпе салдыртуды шешкендер де бар. Себебі сатып алынған паспорт оларды коронавирус инфекциясынан қорғай алмайды. 

«Кейбіреулерінің вакцинация салдырған күні сәйкес келмейді. Қағазда адамның екпені емханада алғаны жазылса, іс жүзінде ол сол уақытта жұмыста болған. Өтініш жазып келгендердің көбі паспортты елдің басқа облыстарында сатып алғанын айтты», - делінген хабарламада. 

Жалған екпе төлқұжатын жасатқан өңір тұрғындары әлі де өз емханасына келіп, өтініш жаза алады.

Серіктес жаңалықтары