×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Өскеменде бір апта бойы үйінді астында жатқан қария құтқарылды

22.11.2021, 18:36
Фото: ашық дереккөз

Өскеменде жасы 70-тен асқан тұрғын бір апта бойы үйінді астынан шыға алмай жатқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24kz-ның мәліметінше, қарияның бірнеше күн қатарынан көрінбей кеткені туралы құтқарушыларға көршілері хабарлаған.

Мекенжайға жедел жеткен құтқарушылар бригадасы қарияны үйінді астынан тапқан. Жер үйдегі бөлмегің ағаштан жасалған төбесі құлап, жалғыз тұрып жатқан қарияның басып қалған.

Ол үйінді астында бір апта бойы жатқан. Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілді. Оның еш жері сынбаған, бірақ төбесі ортасына түскен үй ішінде қатты суық тиіп қалған.

Серіктес жаңалықтары