×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қостанай облысында ер адам көлігімен бірге суға батып кетті

24.11.2021, 00:54
kstnews.kz

Меңдіқара ауданында жүргізуші мінген көлік мұз астына батып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

kstnews.kz-ның мәліметінше, 72 жастағы ер адам Обаған өзенінен өтпек болып, көлікпен бірге өзеннің түбіне батып кетті.

Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі 22 қарашада Меңдіқара ауданында ер адам екі ұлы және тағы бір туысымен өздері тұратын Харьковское ауылынан 40 шақырым жердегі Обаған өзеніне балық аулауға кеткенін хабарлады. Оның көлікпен бірге суға батып бара жатқанын ұлдары да, туысы да көріп тұрған және бірден құтқарушыларға хабарласқан.

Құтқарушылар таңғы 09:00 шамасында оқиға орнында болған.

«Біз интернетті тексеріп көру үшін әкемізден көз жазып қалдық. Ол көліктерге бас-көз болу үшін қалған. Мотордың дауысын естідік. Қарасақ – әкеміз көлікпен жұқа мұз жаққа қарай бара жатыр. Біз оның артынан жүгірдік, айғай салдық. Ары қарай ол суға бата бастады. Біз оның соңынан мұз астындағы суға секірдік, бірақ әкемізді алып шыға алмадық. Әкем неге олай еткенін білмейміз. Бұл жерге бірінші рет келіп тұрған жоқпыз, қауіпті жер екенін білеміз», - дейді марқұмның ұлдары.

Су түбінен марқұмның денесі шығарылды, ал көлік су түбінде қалды. Оқиға орнында бір техника мен жеке құрамдағы алты адам жұмыс істеді.
 

Серіктес жаңалықтары