Атырау облысында өткен жылмен салыстырғанда ажырасуға өтініш берушілердің саны 240-қа өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Атырау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Құралай Хайрошева мәлімдеді.
АЖЫРАСҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
Сотқа жиі жүгінетін өтініштердің арасында некені бұзу бар. Мәселен, биыл Атырау қаласы бойынша 928 талап қойылды. Алайда олардың барлығын сот қараған жоқ. Заң талаптарына сәйкес неке тіркеуші органдарда кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың мүліктік және басқа талаптарынсыз бұзылады, – деді Құралай Хайрошева.
Сонымен қатар, биыл қала бойынша 14 032 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде тууды, неке қиюды және бұзуды, өлімді, азаматтық хал актілерін тіркеу және жазбаларды қалпына келтіру, жою және өзектендіру жөніндегі қызметтер бар.
Мамыр айындағы дерек бойынша 2024 жылдың басынан бері елде 40 мың неке тіркелген.