×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Каспий теңізінде балық аулауға тыйым салынды

30.11.2021, 16:01
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде 2021 жылғы 15 қарашадан 15 наурызға дейін кәсіпшілік және әуесқойлық түрлерін қосқанда, балық аулаудың барлық түріне тыйым салынды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының мәліметінше, мұндай тыйым Каспий теңізі акваториясының аумағында, Түпқараған мүйісінен (Аташ кентінің аумағы) бастап, одан әрі Атырау облысының аумағына дейін белгіленген.

«Аталған тыйымды бұзу ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу» 383-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», - деп ескертеді мекемеден.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда енді ауланған балық өндірісі айтарлықтай төмендеді. Сондай-ақ, Ақтаудағы қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында Каспий теңізінің тартылып қалған жағалауының кадрларымен бөлісті. Ulysmedia.kz аймақтың экологиялық жүйесі үшін су деңгейінің төмендеуіне не қауіп төндіретінін және сарапшылар қандай болжамдар беретінін анықтап көрді.

Серіктес жаңалықтары