×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

ШҚО-да көлік қағып кеткен бала бір айдан кейін көз жұмды

03.12.2021, 22:29
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 7 қарашада болған. Он жастағы бала қоқыс тастауға кеткен кезде контейнер алаңының жанында оны жол талғамайтын көлік қағып кеткен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Mitsubishi рөлінде отырған жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, баланы басып өткен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші кепілмен уақытша ұстау изоляторынан босатылды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

noks.kz-ның мәліметінше, зардап шеккен бала шұғыл түрде Риддер қалалық ауруханасына жеткізілген.

«Емдеу мекемесіне облыс орталығындағы республикалық жетекші клиникалардың бірінен мамандар бірнеше рет келді. Өкінішке қарай, Никитаның жүрегі бүгін түнде соғуын тоқтатты», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары