×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Атып тастаймын". Мәслихат депутаты ауыл азаматына пышақ ала жүгірген

23.10.2024, 17:38
"Атып тастаймын". Мәслихат депутаты ауыл азаматына пышақ ала жүгірген
дереккөз

Халық қалаулысы егде жастағы азаматты қорқытқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысына қарасты Нұра аудандық мәслихатының депутаты Ахмет ауылында 60 жастағы ер адамды атып өлтіремін деп қорқытқан.

Артынша ол жергілікті тұрғынға пышақ ала жүгіріп, сес көрсеткен. Онысы аздай, азамат көлікті мас күйде тізгіндеген. Қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.  Ол – аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.