Облыстық мәслихат депутаты Бөріхан Беркімбаев ұлын ақтамйтынын және заң бойынша жазаланады. Жүргізуші қазір уақытша ұстау изоляторында, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
diapazon.kz-ның мәліметінше, әлеуметтік желілерде мектеп оқушысын қағып өлтірген жол талғамайтын көлік жүргізушісінің әкесі теміржолда басшылық қызметте жұмыс істейді деп жазып жатыр. «Диапазон» тілшісі оның облыстық мәслихаттың қазіргі депутаты Бөріхан Беркімбаев екенін анықтады және оған хабарласты.
Бөріхан Беркімбаев ұлын ақтамады және заң бойынша жазаланатынын айтты. Ол әкесінің депутаттық мансабы ұлының жазасын ешбір жағдайда жеңілдетпейтінін атап өтті.
«Әрине, бұл жантүршігерлік трагедия, отбасы үшін орны толмас қайғы. Иә, көлікті менің ұлым жүргізді. Оқиғаның ертеңіне мен қаза болған бдаланың отбасына көңіл айтып, жерлеуге қатыстым. Ұлымды ақтап алуға тырыспадым. Ол кінәлі және заң бойынша жауап береді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Мен ұлым үшін сылтау айтып отырған жоқпын, тек оның қалай болғанын айтқым келеді, өйткені әлеуметтік желіде көп нәрсе жазылды. Ұлым сол күні кешке жаттығуға кеткен. Ақыл-есі орнында болғаны, есірткі қабылдамағаны сараптамамен анықталды. Ғаламторда жазылғандай, ол жерде ешкім көлікпен жарыспаған. Ұлым байсалды, жұмыс істейді, үш бала тәрбиелеп отыр. Ол жүргізген көлік ескі болатын, ұсталған күйде сатып алынған. Жол апатынан кейін ұлым ешқайда қашпаған, жедел жәрдем шақырған. Ол өз кінәсін 100 пайыз мойындап, заң бойынша жазаланатынын айтты. Мен марқұмның отбасын түсінемін, шығынның орнын ешкім толтыра алмайды. Мен жай ғана айтқым келеді, бұлай болғанын ешкім қаламаған, бірақ ешкім одан қорғалмаған. Ал менің депутат болуым тергеуге әсер етпейді. Мұндайды ешкімнің басына тілемеймін», - дейді ол.
Еске сала кетсек, 3 желтоқсан күні Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кеткен болатын.