×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Алматыда көпқабатты үй өртенді: 120-дан астам адам эвакуацияланды

11.12.2021, 00:21
Фото: ашық дереккөз

Алматыда «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер өртеніп жатыр. 120-дан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, департамент  күштері мен техникасы шақырту бойынша 10 желтоқсанда сағат 23:58-де Алмалы ауданы, Брусилов көшесіндегі 167 үйдегі өртті сөндіруге шыққан.

Олар оқиға орнына келген сәтте, сағат 00:08-де «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, сондай ақ 17-18-ші қабаттары жанып жатқан.

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адамды эвакуациялады, 20 адамды құтқарды, гидранттарға цистерналар орнатты. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайтуға оны тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары