×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Павлодар облысында сегіз мың жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

12.12.2021, 15:27
Фото: ашық дереккөз

Өңірде 3 мыңға жуық жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстық полиция департаменті көбінесе өздерінің гаджеттеріне үңіліп, копюшондарын киіп алып, айналасында не болып жатқанын байқамайтын жастар жол жүру ережелерін елемейтінін хабарлады.

«Қарт адамдар да жол ережелерін жиі бұзады. Жаяу жүргіншілер өткелінен өтуге жалқауланып, ыңғайлы деп тапқан жерден өте береді. Бүгінгі күні облыстың 7943 тұрғыны жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды», - деді департаментте.

Өз кезегінде жүргізушілер де тәртіп бұзады. Жыл басынан бері 2818 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары