×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Талғар ауданының экс-әкіміне 60 млн теңгедей айыппұл салынды

15.12.2021, 11:25
Фото: ашық дереккөзден

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 млн теңге айыппұлға сотталды.

«Аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ті мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Үкім бүгінде заңды күшіне енбеген.

Серіктес жаңалықтары