×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Түркістанның өз елтаңбасы болады: қала Қазақстаннан бөлінейін деп жатыр ма – Зайытов

Бүгін, 11:08
Түркістанның өз елтаңбасы болады: қала Қазақстаннан бөлінейін деп жатыр ма – Зайытов
Ulysmedia коллажы

Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы бүгін мәжілісте таныстырылып, депутаттардың қатаң сынына ұшырады. Олар құжатты шикі деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕКЕ ЕЛТАҢБА НЕ ҮШІН КЕРЕК

Мәжілісте Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы қаралып жатыр.

– Заң жобасын талқылау барысында Түркістанның өз елтаңбасы болады дейді. Менің түсінігімде елтаңба біреу-ақ Қазақстанда! Әлде Түркістан басқа мемлекет болып бөлінейін деп жатыр ма? Осы жерін анықтап берсеңіз, – деді құжатты талқылау барысында Ринат Зайытов.

Ринат Зайытов сонымен бірге заң жобасындағы “ескерткіштерге озыңқы күтім” деген сөзін ұқпағанын айтты. “Тарихи, мәдени нысандардың киелігігін сақтау” деген сөзді де түсінбегенін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қала әкімдігі жанында көркемдік кеңес барын айтады. Қаланың дизайны кеңесте талқыланып, заңдылықтар сақталатынын жеткізді. Ал вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров “бұл жерде нышан деген барын, ол қаланың эмблемасы” екенін мәлім етті.

– Киелілікті сақтау деген заң жобасының ерекше маңыздылығын атап өту үшін жасалған нәрсе деп ойлаймын. Түркістан киелі жер ғой. Сіз онымен дауласпайтын шығарсыз. Сол мағынада негізгі қағидат ретінде ала отырып, неге қалаға ерекше мәртебе беріп жатырмыз? Басты себебі – рухани өмірдегі орны ерекше, – дейді ол.

Байбазаров заң жобасындағы сөздерді тиісті синонимдермен өзгертуге болатынын айтады. 

Ринат Зайытов екі шенеунік те сұрағын түсінбегенін сынады. Сонымен бірге заң жобасында “елтаңба” деп айқын жазылғанын шенеуніктердің есіне салды.

БАЗАРБЕКТІҢ СЫНЫ

Ал Бақытжан Базарбек заң жобасы жер кодексінің баптарымен қайшы келетінін мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, облыстың аумағын, жер көлемі бекіту туралы заң талабын құжат ескермеген. Оның бұл сынына жауаптылар дұрыс жауап бере алмады. Заң жобасын екінші оқылымға дейін Базарбекпен талқылауға дайын екенін жеткізді.