×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Петропавлда ескерткішке шығып, селфи жасаған шетел азаматы қамалды

06.01.2025, 14:10
Петропавлда ескерткішке шығып, селфи жасаған шетел азаматы қамалды
ашық дереккөзден

Шетелдік турист Петропавлдағы «Абай мен Пушкин» мүсініне шығып, суретке түсті. Оны полицейлер ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың 1 қаңтарында шетел азаматы «Абай және Пушкин» монументіне, одан кейін жыл символы «жылан» мұз мүсінінің үстіне шығып суретке түскен.

ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРҒА ҰНАМАҒАН

Жуық маңда серуендеп жүрген қала тұрғындары мен қонақтары жас жігіттің әрекетіне таңғалды. Оның ісі  сыйластық танытпау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу боп көрінген, сондықтан олар патрульдік полицияға хабарлаған, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

СОТ  ШЕШІМІ ҚАНДАЙ

Әкімшілік сот жас жігітті бес тәулікке  қамауға алу туралы шешім шығарды.

ЕСКЕРТКІШ

2006 жылы Ресейде Абай жылы, ал Қазақстанда Пушкин жылы аталып өткенде Петропавлдың бас көшесінде «Абай және Пушкин» монументі бой көтерді. Ескерткіште қазақ және орыс халықтарының достығын білдіретін ұлы ақындар бейнелеген. Қос тұлғаның арасында 5,2 метр биіктіктегі ағаш бар. Ол бір мезетте бұл екеуін мәңгілік нышанындай біріктірсе, екінші жағынан із қалдырған қос дәуірді бөліп көрсетеді. 

ҰҚСАС ЖАҒДАЙ

Қаңтар айының басында Петропавлда үш шетелдік азамат ұсталды, олар да суретке түсу үшін Абай мен Пушкин ескерткішіне шыққан. Бұл әрекетке азаматтар мас күйінде барған.