Оқиғаның мән-жайын Ulysmedia.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық полициясынан сұрап білді.
40 ЖАСТАҒЫ ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМҒАН
Полицияның хабарлауынща, 2025 жылы 2 қаңтар күні Тайынша ауданындағы ірі қара малды өсірумен айналысатын жауапкершілігі шаруа қожалықтардың бірінің аумағында оқыс оқиға болған. Мал базасын аралап жүрген 40 жастағы жұмысшыға бұқа тап берген.
– Ер адам Тайынша қаласындағы ауданаралық көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, алайда тілге келмей қайтыс болды, – деп хабарлады полиция департаменті
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Аталған факті бойынша полиция бөлімімен қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ділназ Бишер