×
434.48
492.61
5.68
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
434.48
492.61
5.68

Қазынадан ең көп қаржы алатын Түркістан, ең көп беретін Атырау

21.12.2021, 16:29
Коллаж: ulysmedia.kz

2022 жылға бекітілген республикалық бюджеттен қай өңірлер қанша қаражат алатыны белгілі болды деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Экономикада да донор және реципиент ұғымдары бар. Яғни бюджетке ақша құятын донор әзірге 2 облыс пен 2 қала болып отыр. Ең көбі Атырау облысы 220 млрд теңге аударса, одан кейін Алматы қаласы 211 млрд теңге. Қалған екі донор Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысы.

Ал қалған өңірлер түгел республикалық бюджетке тәуелді. Ең көп алатын Түркістан облысы – 402 млрд теңге. Тіпті бұл облыс басқаларға қарағанда екі есе көп қаражатқа иек артып отыр.  Одан кейін ШҚО - 217 млрд, Жамбыл – 194 млрд теңге қолқалаған.

Бір қызығы қазынадан ең көп қаржы алған үштік саяси сахнада салмағы бар ескі гвардия өкілдері. Бюджет ақшасы бөлініске түскенде, экономикалық ахуал ғана емес, әкімнің беделі де әсер ететінге ұқсайды.