×
527.58
546.15
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.58
546.15
5.29

«Өз ауылымызға кіре алмай қалдық»: Астана шетіндегі Жібек жолы кенті тұрғындарының жанайқайы

Бүгін, 09:58
«Өз ауылымызға кіре алмай қалдық»: Астана шетіндегі Жібек жолы кенті тұрғындарының жанайқайы
Ulysmedia коллажы

«Қалаға да бара алмаймыз, ауылға да өте алмаймыз, бұл не масқара?» дейді Жібек жолы кентінің тұрғындары. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар Астана-Қарағанды тас жолы жабылса, соның бойындағы – Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан өз кентінен шыға алмай қалатынын айтып шағымданады.

20 қаңтар күні Ақмола облысы Жібек жолы ауылының Астана-Қарағанды тас жолымен түйіскен тұсында тағы да жол кептелісі болды.  Ауыл тұрғындарының сөзіне сүйенсек, бұл проблеманың қордаланып шешімін таппай келе жатқанына бірнеше жылдан асқан.

АУЫЛДАҒЫЛАР ҮЙЛЕРІНЕ ЖЕТЕ АЛМАЙ ЖОЛДА ҚАЛДЫ

Трасса ауа-райына байланысты жиі жабылады. Сол кезде ауылға жетер-жетпес жерде полиция қызметкерлері тас жолға өткізбей, тексеріп тұрады. Соның әсерінен көліктер арты-артынан кептеліп, бір орында сағаттап тұрады, тіпті ауылдағылар үйлеріне жете алмай жолда қалып жатыр, – дейді ауыл тұрғыны Мұхтар Холдорбеков.

Осының салдарынан қаладан келетіндер ауылға, ауылдағылар қалаға жете алмайды. Кептелістен жолда қалады немесе кері қайтып кетеді. Тұрғындар бұрыннан әкімдікке хат жолдап, шағымданып келеді, бірақ мәселе сол күйі шешілмей тұр.

Тұрғындардың айтуынша, көлік кептелісіне себеп болатын тағы бір мәселе – ауыл ішінде қар жақсы тазаланбайды. Басшылық жаңа жылға дейін барлық көше жарықпен қамтамасыз етіледі деп уәде берген, бірақ олар да орындалған жоқ» дейді Жібек жолы ауылының тұрғындары.

Жібек жолынан өткен жерде жолға төлейтін ақылы терминал бар, полиция қызметкерлері сонда тоқтатпай ауылдың кіреберісіне тұрып алған. «Егер біздің ауылдан кейін тұрса, мұндай проблемаға ұшырамайтын едік» дейді тұрғындар.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Ulysmedia.kz тілшісі осы мәселе бойынша Ақмола облысының полиция департаментіне хабарласқан.

Аталған мәселер негізіндеАқмола облысының ПД «Қазавтожол» АҚ өкілдерімен бірлесіп, Жібек- жолы кентінен өтетін автожолдың аталған учаскесіне тексеріс жүргізеді. Бекет қою кезінде кент тұрғындарының жол жүруі үшін, сондай-ақ көлікті кері бағытта бұру үшін барлық қажетті жағдайлар ескеріледі, бөлу жолағында жол қоршауындағы бар өтетін жол қосымша кеңейтіледі, – деді полиция департаменті.

ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАРҒА ХАТ ЖОЛДАЙМЫЗ

Полиция осылай дегенімен тұрғындар осындай мәселе алда да туындай береді деп есептейді. Қала мен ауыл арасында қалдыратын кептелістен зығыр болған қалың қараша жолда еркін жолаушы ретінде қатынағысы келеді. Мәселенің түйінін қою үшін, тұрғындар жиылып құзырлы органдарға хат жолдауды жоспарлап отыр.

Дүниежүзілік статистика бойынша Қазақстан көлік кептелісінен әлемдік рейтингте тұрған 85 мемлекеттің ішінде 51-орында тұр. Бұған дейін ауа-райының нашарлауына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар 61 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

Авторы Ділназ Бишер