×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Павлодарда балалар отырған мектеп автобусы өртенді

23.12.2021, 21:37
Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодар ауданында өртенген мектеп автобусынан алты бала эвакуацияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, Ефремовка мен Даниловка ауылдары арасындағы тас жолда өрт шығып, 2007 жылы шыққан «ГАЗель» шағын автобусы толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жүргізушінің көмегімен көліктен алты бала эвакуацияланды.

«Автобус ішіндегі өрт сөндіргіш пайдаланылмаған. Өрт ТЖД қызметкерлері келгенге дейін ауыздықталған. Өрт шығуының болжамды себебі – электр сымдарындағы қысқа тұйықталу", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары