21 желтоқсанда полицияға адам ұрлау туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі бұл туралы полицейлерге ұрлап кеткен қыздың құрбысы хабарлағанын айтты. Шағым беруші бірнеше сағат бұрын түскі ас ішу үшін достарымен бірге дәмханада кездескенін айтқан. Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі арыз берушінің құрбысынан онымен сөйлесу үшін дәмханадан шығуды өтінген.
«Жігіт құрбымды оңаша сырласуға шақырған. Құрбым келісті», - деп түсіндірді қыз.
Сондай-ақ ол жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келуге уәде бергенін атап өтті. Алайда кейінірек қыздардың бірінің күйеуі келіп, ол жігіттің ежелгі қазақ әдет-ғұрыптары бойынша құрбысын ұрлап кеткенін хабарлаған. Бұған қоса, шамамен бір айдан кейін үйлену тойы болатынын айтқан. Арыз беруші бұл фактіні білген соң полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 125-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталды», - делінген баспасөз хабарламасында.