Оқиға 24 желтоқсанда Жайық өзенінде болған. Мұзға құлаған жігіттің досы оның су астына кетіп бара жатқанын көріп, көмекке ұмтылған. Оқиғаға куә болған тұрғындар мамандарды көмекке шақырған., деп хабарлайды ulysmedia.kz.
atpress.kz-ның мәліметінше, екі жігіт те өзеннің арғы бетіне жүзіп үлгерген.
Атырау қалалық ІІБ-нің №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері суға батып кете жаздаған жігіттерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.
Атырау облысының полицейлері мұз үстінде қозғалудың қауіпті екенін ескертеді.