×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Екібастұзда санавиацияны 3 апта күткен дәрігер көз жұмды

25.12.2021, 14:39
Фото: ашық дереккөз

Екібастұзда санавиация тікұшағын күткен травматолог, хиропрактор қайтыс болды. Ол күткен тікұшақ бұзылып, 3 апта күтуге тура келген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қайғылы оқиғаның егжей-тегжейлері марқұм Сергей Кривоносенконың Instagram парақшасында жазылды.

Хабарламада 15 қарашада дәрігердің аневризма салдарынан миына қан құйылғаны жазылған.

«Екібастұз қалалық жарақат бөлімінің дәрігерлері дер кезінде кәсіби көмек көрсетті. Нұр-Сұлтандағы нейрохирургиялық орталықта өте шұғыл ота керек болды. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, оны жедел жәрдем көлігінің көмегімен жеткізу керек болды. Ерейментауға жеткенде істен шығып қалған тікұшақтың келуін 3 апта күттік. Белгілі болғандай, оларда басқа тікұшақ болған жоқ», - деп жазылған Instagram парақшада.

Дәрігерлердің өз әріптесін емдеуге көлікпен жіберуден басқа амалы қалмаған.

«Жолда ол қатты шайқалып, жағдайы айтарлықтай нашарлады. 7 желтоқсанда аневризманы кесу отасы жасалды. Отадан кейін Сергей Иннокентьевич оянбады. Содан кейін ғана оны компьютерлік томографиядан өткізіп, қайталама қан кеткенін, соның салдарынан ми тамырларының кең ауқымды ишемиясы пайда болғаны анықталды. Осыдан кейін ол комаға түсті», - делінген жазбада.

Серіктес жаңалықтары