×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Павлодарлық орманшылар ерекше балаға смартфон сыйлады

27.12.2021, 21:10
Фото: pavlodarnews.kz

Аяз атадан сыйлық сұраған бала Павлодарское ауылының тұрғыны, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, ол жаңа смартфон армандайтынын жазған.

Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының хабарлауынша, Павлодарлық орманшылар аяз атаға хат жазған Варламның арманын орындады.

«Сәлеметсіз бе, Аждар Сағынтайұлы. Менің есімім – Варлам. Әжем Аяз Атаға хат жазуыма болатынымды айтты. Мен одан не сұрайтынымды білмеймін. Маған смартфон керек еді. Менің телефоным ескеріп қалды. Мен шынымен сұрауға ұяламын, бірақ әжем армандар орындалатынын айтты», - деп жазған Варлам хатында.

Жаңа жыл қарсаңында орманшылар ғажайыптардың болатынын дәлелдеп, балаға гаджет сыйға тартты. Бұдан бөлек орманшылар тағы Алтынбек және Мирослава есімді балаларға тәтті сыйлықтар сыйлады.

«Бүгін біз Аяз Атаға хат жазған Павлодар ауылының тұрғыны Варлам есімді балаға бардық. Оған Samsung смартфонын сыйға тарттық, Аяз Ата өтінішін орындады. Алтынбек пен Мирославаға қосымша орманшылардың атынан жаңа жылдық тәттілер тарту етілді», - деді Павлодар ормандар және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Серіктес жаңалықтары