×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Аяз ата, тоқта: Аймағамбетов аяз атаның соңынан жүгірген баланы құттықтады

30.12.2021, 19:42

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында Аяз атаның артынан жүгірген мектеп оқушысын құттықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мәліметінше, әлеуметтік желілерде таралған видео кейіпкері Алтай қаласы №6 орта мектептің 3-сынып оқушысы Головень Дмитрий болып шықты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Дмитрийге хат жолдап, оны жаңа жылымен құттықтады.

Министр оқушыға әрдайым батыл болып, ата-аналар мен мұғалімдерді қуантуды, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетуді тіледі. Алдағы Жаңа жылдың құрметіне орай Асхат Аймағамбетов мектеп оқушысына кітап сыйлады және алдағы демалыс кезінде мүмкіндігінше көп кітап оқуға кеңес берді. Сондай-ақ, бала министрдің атынан басқа да сыйлықтар алды.

«Құрметті Дмитрий! Қала көшелерін аралап жүрген Аяз Атамен өте қатты кездескің келгенін байқатқан видеоны көрдім. Сіздің жыл бойы төрт пен беске оқығаныңызды анықтап білдім. Сондай-ақ ұстаздарың сіздің өте белсенді, жауапкершілігі мол бала екеніңізді айтты. Маған Аяз Атаның артынан жүгіргеннен кейін, сіз үшін онымен кездесу ұйымдастырылды және сіз сыйлық пен тәттілерді алдыңыз деп хабарлады.

Құрметті Дмитрий! Мен де сізді Жаңа жылыңызбен құттықтағым келеді! Әрқашан да батыл бол және алға қойған мақсаттарыңа қол жеткіз! Жақсы оқып, ата-анаңды, ұстаздарыңды қуанта бер. Ал біз сіздердің сапалы білім алуларыңызға барлық жағдайды жасаймыз. 

Алда қысқы демалыс, сол себепті, мереке қарсаңында саған жаңа жылдық сыйлық ретінде тәттілер мен кітаптар табыстағым келеді. Қысқы демалыс кезінде көп оқитындығыңа сенімім мол. Білімді арттыру мен дамытуда кітаптың алатын орыны өте жоғары, және де мен еліміздің барлық оқушыларына кітап оқуға кеңес беремін», - деп жазды министр.

Серіктес жаңалықтары