×
502.83
545.37
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.83
545.37
5.95

Степногорсктегі "Қазақалтын" кенішінде жұмысшы қаза тапты

20.03.2025, 18:00
Степногорсктегі "Қазақалтын" кенішінде жұмысшы қаза тапты
ото: Pexels.com

Ақмола облысында шахтада қайғылы оқиға орын алды. 19 наурыз таңертең шахтада жұмысшы қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде 19 наурыз күні сағат 10:35-те Степногорск қаласында "Қазақалтын" ЖШС-нің "Бестөбе" кенішінің екі жұмысшысымен қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады.

700 метр тереңдікте ағаш материалдарын көтеру кезінде тау жынысы опырылып түскен. Жарақат алған жұмысшылар жер бетіне сағат 13:30-да шығарылды. 1989 жылы туған жұмысшы аман қалып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Ал 1985 жылы туған екінші жұмысшы қаза тапты.

Аталған оқиғаны арнайы тергейтін комиссия құрылды.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

"Бестөбе" кенішіндегі "Батыс" шахтасында жұмысшының қаза болуына байланысты "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлады Ulysmedia тілшісіне полиция өкілдері.

Айта кетейік, дәл осы күні "Қазақмыс" шахтасының 1994 жылы туған жұмысшысы жүк көтеру шахтасының алаңында құлап, көз жұмған еді. Компания қауіпті учаскелерде кен өндіру жұмыстарын уақытша тоқтататынын мәлімдеді.