×
501.81
541.5
5.96
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.81
541.5
5.96

Батыс Қазақстанда шаян аулауға 1 сәуірден бастап тыйым салынады

21.03.2025, 15:47
Батыс Қазақстанда шаян аулауға 1 сәуірден бастап тыйым салынады
Ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында 1 сәуір мен 15 маусым аралығында шаян аулауға толықтай тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақжайық балық инспекциясы бөлімінің мәліметінше, балық пен табиғатты қорғау мақсатында уылдырық шашу және көбею кезеңінде балық аулауға шектеу қойылып, кәсіпшілік аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынған.

🔹 Балық аулауға тыйым салынған су айдындары мен мерзімдер:

  • Құшым өзені, Киров, Битик, Дөңгелек және Пятимар су қоймалары – 1 мамырдан 15 маусымға дейін;
  • Шалқар көлі, Жайық-Құшым суару жүйесінің көлдері, Қамыс-Самар жүйесінің өзендері мен көлдері – 1 мамырдан 31 мамырға дейін;
  • БҚО аумағындағы өзге де су айдындары – 1 мамырдан 15 маусымға дейін.

Инспекция қызметкерлері тарапынан тұрақты рейдтер жүргізіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚО-да балықтың жаппай қырылу қаупі бар екені туралы хабарланған болатын.