×
504.34
556.34
5.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.34
556.34
5.97

Ақмола облысында жол жабылғаны жайлы ескертуді елемеген жүргізуші қаза болды

06.04.2025, 14:02
Ақмола облысында жол жабылғаны жайлы ескертуді елемеген жүргізуші қаза болды
Шартты сурет

Ақмола облысында жол жабылғаны туралы ескертулерге мән бермеген жүргізуші су тасқыны салдарынан қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

5 сәуір күні Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы бағытындағы автожолдың 963-шақырымында, жолдың су басуына байланысты қойылған полиция бекеті мен қозғалысқа енгізілген шектеулерге қарамастан, жүргізуші тыйымды елемей, жабылған бөлікті айналып өтпек болған. Су басқан аумақтан өту кезінде көлік ағынға ілініп, су астына кеткен. Автокөлікте үш адам болған. Оперативті әрекет еткен полицейлер мен құтқарушылар екі жолаушыны құтқарып қалды. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілуде. Ал жүргізушінің мәйіті табылды, – делінген хабарламада.

Полиция мен төтенше жағдай қызметінің өкілдері азаматтарға жол қозғалысына шектеу қойылған кезде қауіп төнген аумақтардан өтпеуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.