9 қаңтарда судья Жәңгірова Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 488-бабы 6-бөлігі «Жергілікті атқарушы орган рұқсат етпеген митингіге қатысу» бойынша адвокатты 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
uralskweek.kz-ның мәліметінше, Абзал Құспанға қатысты сот отырысы криминалдық полиция басқармасының ғимаратында прокурор кабинетінде өтті. Сот екі күнге созылды. Оны 8 адвокат қорғап, өтініш білдіріп, өзінің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсіздігін дәлелдемек болды.
Абзал Құспан өзі және бірқатар азаматтық белсенді 5 қаңтарда өткен митингке қатысушыларды түстен кейін ұстай тұру туралы шешім қабылдағанын айтты. Оның айтуынша, бейбіт митингіге қатысушыларға әкімдік ғимаратына басып кіруді ұсынған шағын топ болған.
«Біз наразылық білдірушілерді бұл әрекетті жасамауға шақырдық. Біздің, яғни азаматтық белсенділердің күш-жігерімен бұзақылық әрекеттер орын алған жоқ. Көпшілік арасында арандатушылар болды, олардың әрекеті құқық қорғау органдарымен келісілген деп ойлаймын. Олардың мақсаты әкімдік ғимаратына басып кіріп, тәртіпсіздіктер ұйымдастыру болды», - деді Абзал Құспан.
Қаңтардың 8-і күні кешке үкім шыққаннан кейін адвокаттар сот үкімімен келіспейтіндерін айтты.
Адвокат Бағдагүл Ажығалиева судья қорғаушылардың барлық дерлік өтініштерін қанағаттандырусыз қалдырғанын айтты.
Бұған дейін бірқатар азаматтық белсенді 10 тәулікке қамауға алынған, олардың арасында журналист Лұқпан Ахмедьяров, Бекнұр Сражанов бар.