Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличное ауылы тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Кызылжар ауданының Тепличное ауылында алдын ала эвакуация жүргізу туралы шешім қабылданған.
ЭВАКУАЦИЯ
Эвакуация 25 сәуір күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Көлікпен тасымалдауға мұқтаж тұрғындар үшін арнайы көлік және жедел жәрдем қызметтері ұйымдастырылады. Қосымша ақпарат алу үшін 87153821201 нөміріне хабарласуға болады.
АРНАЙЫ ПУНКТТЕР
Уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункттер алдын ала дайындалды: Бескөл ауылындағы №2 орта мектеп пен Петропавлдағы Жұмабаев көшесі, 198 мекенжайындағы жатақхана.
Оқиға орнында ТЖ қызметтері, жергілікті атқарушы органдар және басқа да жедел қызметтер жұмыс істеуде. Барша тұрғындарды сабыр сақтап, жедел қызметтердің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырамыз. Тепличное ауылынында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасуда.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы хабарлаған болатын. Облыс әкімінің айтуынша, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалуда. Петропавлда тасқынның шарықтау шегі 28–30 сәуірде болуы мүмкін екені хабарланған еді.
Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты су жылдағыдай жайылма алқаптарға таралуда. Қазір су Заречный кенті мен Речпорт маңындағы саяжай учаскелеріне жайылған. Бұл саяжайларда тұрғындар жоқ, ТЖД мен полиция бекеттері қойылды.