×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда өкпесі 60% зақымданған әйел төртінші баласын дүниеге әкелді

11.01.2022, 20:36
Павлодарда өкпесі 60% зақымданған әйел төртінші баласын дүниеге әкелді
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, әйел жүктіліктің 36-шы аптасында ұл баланы дүниеге әкелген. Қазір науқастың және оның баласының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz –ның мәліметінше, жүктілік кезінде Covid-19 қарсы вакцина алмаған әйел дәрігерлердің біліктілігінің арқасында аман қалғанын айтқан.

Жүктіліктің соңғы мерзімінде жүрген Павлодар облысының тұрғыны алғашында өкпесінің 60%-ы зақымданды деген диагнозбен перзентханаға жеткізілген. Жас ана перзентін өзі босанған. Босанғаннан кейін науқастың жағдайы нашарлаған. Емдеуші дәрігерлердің айтуынша, ананы жақын күндері реанимациядан палатаға ауыстыру жоспарлануда.

«Өкпеге зақым келген кезде адам терең дем ала алмайды. Оларда газ алмасу болмайды, қан оттегімен қанықпайды. Осының салдарынан ағза гипоксияға ұшырайды. Егер науқаста қатар жүретін өзге де аурулар болса, онда ол ауыр түрде өтеді. Біздің емделушімізде мұндай ауыр сырқаттар болмады. Бұл жас ананың тез қалпына келуіне көп көмегін тигізді, - деді Павлодар қалалық №1 ауруханасының перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Орал Жөкебаев.

Тексеру кезінде екі жақты полисегментальды пневмонияның белгілері болған. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Мен ешқашан денсаулығыма шағымданбадым. Бір-ақ күнде денсаулығым сыр беріп, тамағым ауырып, иіс сезбей, дене қызуым 40 градусқа дейін көтеріліп, өздігімнен тыныс алуым қиындады. Ауруханада маған кеуде қуысының компьютерлік томографиясы жасалды. 20 минуттан кейін менде 60% өкпе зақымдануы бар екені белгілі болды. Қатты қорықтым. Егер мен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны уақтылы егілгенімде мұндай асқынулар болмайтын еді», - дейді ол.