×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарлық 110 жастағы әжеге жаңа жеке куәлік табысталды

14.01.2022, 16:19
Павлодарлық 110 жастағы әжеге жаңа жеке куәлік табысталды
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалы

Құжаттары бойынша Күлжамиля Ахмедьянова 1912 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы Голубовка ауылында дүниеге келген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалынан хабарлады.

Бүгін Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері әжейді құттықтап, жаңа жеке куәлігін табыс етті.

«ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар (1,2,3-топ мүгедектері), мүгедектігі бар балалар ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді үйде ала алатынын еске саламыз. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін шақыру үшін азаматтар 1414-ке өтініш қалдыруы қажет, содан кейін оларға 7 жұмыс күні ішінде ХҚО мамандары үйлеріне барып қызмет көрсететін болады», - дейді  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ПОФ баспасөз хатшысы Мейрамгүл Әбдірахманова.

Өткен жылы мемлекеттік корпорацияның филиалы Ертіс өңірінің тұрғындарына 2 777 рет үйлеріне барып 3035 қызмет көрсеткен.