×
517.45
598.59
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
517.45
598.59
6.58

Қайта жану қаупі бар: Атырауда бес күннен бері түтін тұмшалап тұрған өрт сөндірілді

Бүгін, 15:20
Қайта жану қаупі бар: Атырауда бес күннен бері түтін тұмшалап тұрған өрт сөндірілді
Ашық дереккөзден

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында жалпы көлемі 805 гектарды қамтыған ірі табиғи өрт ошағы оқшауланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Жаңабаев 13 маусымнан бастап Атырау облысында құрылған жедел штабтың тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, «Ақжайық» МТР әкімшілігінің, орман шаруашылықтарының және мердігер ұйымдардың күштері мен техникасы жұмылдырылған.

ТЕХНИКА

Барлығы өртті сөндіруге 110-нан астам адам және 30-ға жуық техника тартылды.

15 маусымда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 тікұшағының көмегімен 100 тонна судан тұратын 33 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Бүгін сағат 10:00 мен 11:00 аралығында осы тікұшақпен тағы да 4 мәрте (жалпы 12 тонна) су төгілді.

Қазіргі уақытта 7 гектар аумақтағы шоқтанып жатқан ошақты сөндіру жұмыстары жалғасуда.

ШОҚ ҚАЙТА ТҰТАНЫП ЖАТЫР

Өрт оқшауланғанымен, жағдайды шалшықты және шымтезекті жерлер күрделендіріп отыр. Жел күшейген сәттерде кейбір аумақтарда шоқ қайта тұтанып, қайта жану қаупі туындауда. Осыған байланысты қорық аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

- Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, орман шаруашылықтары мен табиғи резерват инспекторлары үнемі кезекшілік атқаруда. Аумағы тәулік бойы бақылауға алынған – әуеден де, жерден де мониторинг жүргізілуде. Әсіресе, жаңа өрт ошақтарының пайда болуына жедел әрекет ету және өрттің қайта таралуының алдын алу басты назарда. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Жедел штабтың жұмысы тәулік бойы жалғасуда, дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев. 

ӘКІМДІ СЫНАУ

Еске салайық, бұған дейін адвокат Нұрлан Жолболов Атыраудағы ауаның ластануына алаңдап, облыс басшысы Серік Шәпкеновтің отставкаға кетуін талап еткен болатын. 

Серіктес жаңалықтары