×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Түркістан облысында дәретханаға құлап кеткен бала құтқарылды

24.01.2022, 11:20
Фото: Ашық дереккөзден

2022 жылдың 23 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі  4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Апаттық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен  медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те  шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқының көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен  кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

Серіктес жаңалықтары