×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Астанада автобус апатқа ұшырады: 14 адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін, 11:44
Астанада автобус апатқа ұшырады: 14 адам ауруханаға жеткізілді
Видео кадры

Елордада автобус жолдан шығып кеткені туралы кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Жол-көлік оқиғасы Қабанбай батыр даңғылында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

14 жолаушы зардап шекті

Әлеуметтік желідегі видеоларға қарағанда, автобус қалаішілік бағыттарда қызмет көрсетпейді.

Қазақпарат мәліметінше, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы барлығы 14 адам жарақат алғанын хабарлаған. Олар көпсалалы стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді.

– Қабылдау бөлімінде әрқайсысын бейінді мамандар тексерді. Кейбіреулері амбулаторлық емдеуге жіберілсе, қалғандары қосымша тексеруден өтіп жатыр. Негізінен жолаушылар жеңіл жарақаттармен түсті, – деп мәлімдеді басқарма.

Серіктес жаңалықтары