×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Ана үйі» сәбиінен бас тартпақ болған студент қызды райынан қайтарды

09.02.2022, 18:38
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 19 жастағы студент ата-анасын ренжітпеу үшін баласынан бас тартуға шешім қабылдаған. Алайда оқиға мүлдем басқаша өрбіді, деп хабарлайды ulysmedia.kz. Отырар телеарнасына сілтеп.

Арайлым (ойдан шығарылған есім) дені сау баланы дүниеге әкелді. Ата-анасы некесіз баланы қабылдамайтынын ойлап, қыз баладан бас тартуға өтініш жазған. Сол аралықта оны перезентханда ауылдасы көріп, дереу шешесіне хабар берген. Перзентханадағылар «Ана үйіне» қоңырау шалып, Арайлымды психологпен сөйлестіреді. Ол жігіті хабарсыз кеткенін айтады.  

- Перзентханада оны таныс көрген, ол бәрін қыздың анасына айтып берді. Бірден анасы мен әпкесі  келді. Олар айқайлады, тіпті Арайлымды сабады, баланы тастап кетуді талап етті. Мен олармен сөйлестім, біз оған көмектесетінімізді айттым. Бала ештеңеге кінәлі емес дедім", — деп еске алады Қалғар Жұмабайқызы, Шымкенттегі "Аналар үйінің" үйлестірушісі.

Нәтижесінде туғандары ауылға оралады. Арайлым перзентханадан кейін баласымен бірге «Ана үйінде» тұруға көшіп барған. Мекеме жас анаға университеттегі оқу ақысын да төлеуге көмектесті. Некесіз бала туралы хабар ауылда тез тараған. Содан ата-анасы басқа жерге көшуге мәжбүр болады.

- Біз баланың биологиялық әкесі жігітті таба алдық. Ол оқиғадан хабарсыз болып шықты. Алматыға көшіп, телефон нөмірлерін өзгерткен. Біз оның ата-анасына барып, олардың қазір немересі бар екені туралы әңгімелестік. Олар Арайлымды қолдап, өздеріне алып кетті. Ал егер ол баладан бас тартса? Сәби тірі  жетім болар еді, - дейді Қалғар Жұмабайқызы.

Біраз уақыттан кейін  Арайлым мен жігіті үйлену тойын өткізді. Бүгін Арайлым екі баланың анасы.

Серіктес жаңалықтары