×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлытауда дизель отынының ірі партиясын ұрламақ болғандар тергеліп жатыр

24.01.2023, 08:39
Ұлытауда дизель отынының ірі партиясын ұрламақ болғандар тергеліп жатыр
Фото: дереккөзден

Ұлытау облысында 10 тонна дизель отынын ұрламақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, Ұлытау облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Сәтбаев қаласындағы жеке өнеркәсіп аумағында темір контейнерлер (бөшкелер) тиелген жүк көлігін ұстады.

Сонымен қатар полицейлер аталған кәсіпорынның екі қызметкерін және Сәтбаев қаласының екі тұрғынын ұстады. Аталған тұлғалар жанар-жағармай жеткізумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтіні анықталды.

Күдіктілер жүкті тасымалдау кезінде оның бір бөлігін ұрлап алып, жұмыстан соң арнайы контейнерлерге құйып, сатып жіберіп отырған.

Оқиға орнында полицейлер 35 металл бөшке мен екі цистерна тапты – олардың барлығына жалпы салмағы 10 тонна дизель отыны құйылған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 8 миллион теңгені құрады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың сыбайластарын анықтап жатыр.