×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Апаттан көз ашпаған Риддер жылу электр орталығының иесі ауысты

24.01.2023, 12:32
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығы жаңа компанияның басқаруына берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

 – Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, – аймақ басшысы.

Әкімнің сөзінше,  бұл қаражат ЖЭО-ны күрделі жөндеуге бағытталмақ.

Серіктес жаңалықтары