×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Маңғыстауда жеке бизнесін дөңгелеткен 10 мектеп директоры миллиондап табыс тапқан

25.01.2023, 12:14
фото: ашық дереккөзден

Ел заңнамасында мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына кәсіпкерлік арқылы табыс табуға тыйым салынғанына қарамастан Маңғыстау облысында 10 мектептің директоры бизнеспен айналысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, қазір заңсыздыққа барған мектеп басшыларына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып отыр. Одан бөлек, Қарақия ауданында жеке кәсіпкерлікпен балабақша директоры да айналысқан. Оның бизнестен түскен 18 млн теңгеге жуық табысы мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сондай-ақ бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған адамды жұмысқа алған Құрық портының басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы – Ақтау, Жаңаөзен аудандарына қатысты мектеп директорлары. Одан бөлек, 4 мемлекеттік қызметші бар. 3 жергілікті атқарушы органға қарайтын кәсіпорын басшылары осы кәсіппен айналысуға тыйым салынған шектеулерді сақтамағаны үшін жауапқа тартылды, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Қайрат Бәйгебаев.

Серіктес жаңалықтары