×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мемлекеттік сатып алу: БҚО-да әрбір төртінші нысанның жұмысы аяқсыз қалған

02.02.2023, 16:18
Мемлекеттік сатып алу: БҚО-да әрбір төртінші нысанның жұмысы аяқсыз қалған
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік сатып алу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс әрбір төртінші нысан аяқталмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"56 мердігер дәйексіз себептермен құны 15 млрд теңгенің 50 нысанын мерзімінде аяқтаған жоқ. Мысалы, Бәйтерек ауданы Раздольный ауылындағы мектептің күрделі жөндеуі мерзімінде аяқталмады. Бес айдың ішінде "ГрадСтройСервис" ЖШС 250 миллион теңгеге бағаланған мектептің жөндеу жұмыстарын аяқтамады, жұмыстың жартысы жасалды. Сонымен қатар, аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары нашар орындалған, сапасыз құрылыс материалдары қолданылған", - дейді "Әділдік жолы" РҚБ филиалының өкілі Бауыржан Ахметжан.

Оның айтуынша, өткен жылы облыста 68 мердігермен 79,2 млрд теңгеге 201 шарт жасалған.

"68 мердігердің 37-сі басқа өңірлерден . 14,3 млрд теңге сомасына 66 нысанның жұмысы аяқталды, 34 млрд теңгеге бағаланған 135 нысанның жұмысы аяқсыз қалды. Оның ішінде 85 нысан 2023 жылға өтпелі болды", - деп деректер келдірді.