×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жылуға жарымаған Екібастұз: Тоқаев Скляр мен Байхановқа тапсырма берді

06.02.2023, 10:31
Жылуға жарымаған Екібастұз: Тоқаев Скляр мен Байхановқа тапсырма берді
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент оларға Екібастұздағы қала тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды жүктеді.

Сонымен қатар Тоқаев жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Еске салсақ, өткен жылдың 27 қарашасында Екібастұздағы жылу желілерінде апат болып, бірден 149 тұрғын үй жылусыз қалған еді. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар қатарынан бірнеше күн бойы жылусыз отырды. Үйлердегі жылу батареялары жарылып, канализация желілері бүлінді. Қаладағы жағдайды тұрақтандыру жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Екібастұздықтар  екі күннің бірінде жылусыз отыруға мәжбүр.

Өткен аптада ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Екібастұзда наурызда жылу тарифі көтерілетінін мәлімдеді.