×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Екібастұз бен Риддерде жылу тарифі наурызда өседі

31.01.2023, 10:44
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Үкімет кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Оның айтуынша, коммуналдық тарифтерді мейлінше баяу көтеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Былтырғы коммуналдық коллапстардан кейін кейін тарифтер бойынша түсінікті сандар пайда болды ма? Екібастұз, Риддер сияқты қалалар қандай тарифпен төлем жасай бастайды?» - деп сұрады журналистер.

Министрдің айтуынша, тариф саясаты әр кәсіпорынның жеке жағдайына байланысты белгіленбек.

«Мен бұл туралы бірнеше рет айттым, иә белгілі бір өсімдер болды. Бұл нақты табиғи монополия субьектісіне байланысты болады. Яғни, халыққа қызмет көрсететін, қуат көзін ұсынатын немесе қуат көзін салатын ұйымға байланысты.  Желілердің тозу көрсеткішіне де байланысты болады. Мысалы, Екібастұз жылу-электр орталығы өтінім берді.  Олар тарифін бір мезетте 107 пайыз көтеруді сұрады. Біз ондай қадамға бара алмаймыз, оны өздеріне ашып айттық. Өсім бұдан 4 есе кем болатын шығар. Олармен бірге шамамен осылай жұмыс істеп жатырмыз. Біріншіден, Екібастұз жылу-электр орталығының иесі де жауапкершілікті арқалауы керек – инвестиция салуға тиіс. Шығынның бір бөлігі бюджетке, бір бөлігі тұрғындарға түседі. Әділетті тәсіл болу керек. Сонда өсім баяу жүруі керек», - деді ол.

Министр жылу жүйесіндегі проблемасы қайта-қайта сыр беріп жатқан Екібастұз бен Риддердің жағдайына жеке тоқталды.

«Екібастұзда жүйе мүлдем тозып біткен. Ең үлкен өсім сол жақта жоспарланған. Екі еседен жоғары болады. Бірақ біз оны басқа механизмдер арқылы тежеуді жоспарлап отырмыз Екібастұз бен Риддерде өсімді баяу жүргізгіміз келеді. Мысалы жылудың жаңа тарифі бұл қалалалардың тұрғындары наурыз айы үшін сезінеді. Сәуірде наурыз айының түбіртегі келеді. Ол кезде күн жылына бастаған соң жылу аз тұтынылады. Сәйкесінше тарифтің өскенін наурыз айы мен сәуірдің жартысында ғана сезінеді. Одан кейін өсімді келер қыста бірақ сезінуі керек. Жылуға төленетін бірінші түбіртек қараша айында бірақ келеді. Бәлкім, тарифтің өсуін тұрғындар сәуірде сезінеді сонда», - деді Әлібек Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары