×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Атырау тұрғыны әйелін бесіктің ағашы сынғанша ұрған

27.09.2021, 20:52
ашық дереккөз

Атырауда 29 жастағы ер адам өзінен алты жас кіші әйелін жер-жебіріне жетіп балағаттап, бесіктің ағашы сынғанша сабаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

azh.kz-ның хабарлауынша, өңірлік коммуникациялар қызметінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды.

«Әйелдердің көбі ерінің өзінеқол көтергеніне, балағаттайтынына шағымданады. Мысалы, жақында Атырауда 29 жастағы ер адам өзінен алты жас кіші әйелін жер-жебіріне жетіп балағаттап, бесіктің ағашы сынғанша сабаған», - дейді облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор Замзагүл Жалмурзина

Облыстық полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Райса Айтжанованың айтуынша, былтыр облыста отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты төрт жағдай тіркелсе, жыл басынан бері үш жағдай тіркелген. Бұл ҚР ҚК-нің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»), 107-бабы («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») және 115-бабы («Қорқыту») бойынша қозғалған қылмыстар. 

«Жыл басынан бері Атырауда 102 нөміріне әйелдер тарапынан 3613, ал аудандарда 555 қоңырау түскен», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары