Шу ауданының екі тұрғынынан «қара нарықтағы» құны шамамен 40 миллион теңгені құрайтын есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
polisia.kz-нің мәліметінше, Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық гвардияның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірге «Қарасора-2021» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 56 кг марихуана сату кезінде Шу ауданының екі тұрғыны ұсталды.
Ұсталғандардан тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ сатып алу және сақтау орындарында жалпы салмағы 161 кг 320 грамм болатын 8 қап кептірілген марихуана және 227 кг кептірілген каннабис алынды. Заңсыз айналымнан барлығы 444 келі есірткі алынды, оның құны «қара нарықта» шамамен 40 миллион теңгені құрайды.
«Қазіргі уақытта күдіктілер қылмысын мойындады және Шу қаласындағы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша қылмыскерге мүлкін тәркілеумен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - дейді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.