×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АЭС құрылысына байланысты жария тыңдау сайлауға байланысты кейінге қалды

23.02.2023, 14:28
АЭС құрылысына байланысты жария тыңдау сайлауға байланысты кейінге қалды
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Жамбыл ауданында атом электр стансасын салу жобасы бойынша 28 ақпанға жоспарланған жария тыңдау кейінге қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шара мәслихат депутаттары сайланғаннан кейін өтпек.

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі бұл тыңдауға бүкіл мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету маңызды деп санайды.

«Алайда, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлауға дайындалуына байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат құрамы қалыптасқаннан кейін жария тыңдау өткізу жөнінде шешім қабылданды» деп хабарлады аудан әкімдігі.

Көпшілік тыңдау өтетін күн мен уақыты Қазақстан заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес қосымша жарияланбақ.