×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Біз жауапты емеспіз": Қарағандыда жарылған су құбыры үш айдан бері жөнделмей келеді

01.03.2023, 14:27
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыдағы шағын аудандарының бірінде жарылған су құбыры үш айдан бері жөнделмей келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ekaraganda.kz сайтының жазуынша, Күнгей шағын ауданында су атқылап жатқанында ешкімнің жұмысы жоқ.

Белгілі болғандай, су құбыры желілері "Қарағанды Су" ЖШС балансына берілмеген, сондықтан компания жөндеу жұмыстарын өз мойнына алмақ емес.

"Күнгей-3 шағынауданының су құбыры желілерін "НС система" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізген. Тапсырыс беруші – "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" ММ. Су құбыры желілері "Қарағанды Су" ЖШС балансына берілмеген", - деп хабарлады компания.

Өз жауапкершілігіндегі нысан болмаса да, 1 наурызда "Қарағанды Су" ЖШС оңтүстік-шығыс сумен жабдықтау цехының бригадасы құдықта зерттеу жүргізді. Диаметрі 315 мм фланецті қосылыста су атқылап жатқаны белгілі болды.

"Желілер компанияның балансында емес, бірақ судың сыртқа ағуын тоқтату жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді коммуналдық қызметтегілер.

Серіктес жаңалықтары