×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтөбе облысында бір тәулікте 50-ден астам үйді су басты

15.03.2023, 11:24
Ақтөбе облысында бір тәулікте 50-ден астам үйді су басты
ТЖД

Бір тәулік ішінде Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда кентіндегі 51 тұрғын үйді су басып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, су басқан үйлерден 91 адам эвакуацияланды.

“Қазіргі уақытта материалдық құндылықтарды эвакуациялау, инертті материалдарды тасымалдау, үйлерді инертті материалмен және қапшықпен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:45-те Қобда ауданының әкімі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. ТЖ департаменті мен ЖАО күштерімен көшелерден, автожолдардан және аула аумақтарынан еріген қар суын айдау және бұру жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Бүгінде облыс бойынша барлығы 317 мыңнан астам текше метр су сорылған. 26,1 шақырым арық тазартылып, 7 420 м3 инертті материал әкелінді және 4 120 дана қапшық төселді (Байғанин,Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында). Ұзындығы 75 метр уақытша бөгет салынды, ұзындығы 50 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді (Шалқар ауданы). Облыс бойынша елді мекендерден 524,9 мыңнан астам м3 қар шығарылды.

“Қосымша 138 ассенизатор жұмылдырылды. Жергілікті жерлерде 400-ден астам бірлік техника, 20 мобильді бригада жұмыс істеп жатыр, 454 адам жұмылдырылды”, – деп хабарлады департаменттен.

Айта кетейік, БҚО-да су тасқыны салдарынан 200-ден астам адам туыстарын паналауға мәжбүр.