×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Су тасқыны: БҚО-да 200-ден астам адам үйлеріне орала алмай отыр

15.03.2023, 10:28
ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында су тасқынымен күрес жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше,тартылған құрылымдардың жедел жұмысының арқасында  су басқан 6 үйден су толығымен сорылды, бұл Сырым және Теректі аудандарының эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғынына өз үйлеріне оралуына мүмкіндік берді. 

Тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 4 мыңға жуық дана қапқа инертті материалдар салынып төселді, 30 мыңнан астам текше метр су сорылды, 12 учаскеде су бұру үшін траншея қазылды.

«Қалған эвакуацияланған 33 адам уақытша эвакуациялау пунктеріне, 206 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды. 280-ден астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Тек өткен тәуліктің ішінде қауіпті учаскелерде 4 мыңға жуық дана қапқа инертті материалдар  салынып төселді, 30 мыңнан астам текше метр су сорылды, 12 учаскеде су бұру үшін траншея қазылды.

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері тәулік бойы жүргізіліп жатқан жұмыстар кезінде 340 мың текше метр су сорылды, тартылған күштер инертті материалдар салынған 25 мыңнан астам қапты  төседі», - делінген хабарламада.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге Атырау және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылған ТЖМ күштері мен құралдарымен, ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, ҚМ жеке құрамнан 1000-ға жуық адам, инженерелік техниканы, мотопомпаларды, жүзу құралдарын, тікұшақты қоса алғанда 400-ден астам бірлік техника қатысуда.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол өкілдерінің қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, БҚО-ның Бәйтерек, Бөрлі аудандарында да жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Серіктес жаңалықтары