×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Түркістан облысында Арыс өзеніне құлап кеткен 4 жасар қыз табылмай жатыр

20.03.2023, 13:21
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ІІМ мәлім етті.

"17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен", - делінген хабарламада.

Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылған. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары