×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қалың қар, көктайғақ: қай өңірлерде ауа райы бұзылатыны айтылды

27.03.2023, 12:54
фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болып, күн құбылмалы болады. 

«Сонымен қатар, фронталды бөліктердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте, күндіз орталықта, 29-30 наурызда шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауып, жаяу бұрқасын болады, 29-30 наурыз күндері еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, жауын жауады. Республика бойынша тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста - көктайғақ күтіледі. 30 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары